| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде “хайп” үшін жасалатын арандатушылық әрекеттер жиілеп кетті, – деп хабарлайды Dauletten.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ІІМ өкілдерінің айтуынша, кейбір жастар жұрттың назарын аудару үшін сауда орталықтарында немесе көшеде айғайлап, жартылай жалаңаш жүгіру, тәртіп бұзу секілді бейәдеп әрекеттерге барады. Мұндай қылықтар заң бойынша жауапкершілікке әкеп соқтырады.
- Лайк жинау үшін жасалған мұндай әрекет батылдық та, креатив те емес. Бұл – қоғамдық тәртіпті бұзу, көпшілікке құрметсіздік көрсету. Қоғамдық орында жасалған кез келген ұят әрекетке жол берілмейді, заңға сәйкес жауапқа тартылады, – деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Министрлік азаматтарды, әсіресе жастарды, интернеттегі күмәнді трендтерге ермеуге шақырды.
- Нағыз құрмет пен абырой жақсы іс, пайдалы ой, дұрыс әрекет арқылы келеді. Қоғамдық тәртіп – бәрімізге ортақ міндет. Интернетте де, өмірде де мәдениет пен парасаттылықты сақтайық, – деп үндеу жасады ведомство өкілі.