| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ел аумағында жалған терроризм туралы ақпарат таратты деген күдікпен бірнеше оқушы анықталды. Ішкі істер министрлігі мұндай әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматы облысында террорлық қауіп жөнінде жалған хабар таратқан деген күдікпен 9-сыныпта оқитын екі жасөспірім ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша, олар Астана қаласы мен Алматы облысында тіркелген бірқатар осындай жағдайларға қатысы бар болуы мүмкін.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында оқитын тағы бір оқушы Шымкент қаласы әкімдігі мен Ақтау қаласындағы сауда орталықтарының электронды поштасына жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат жіберген.
Тергеу барысында олардың анонимді байланыс құралдарын, оның ішінде жалған нөмірлер мен электронды пошталарды пайдаланғаны анықталды.
Ішкі істер министрлігі мұндай жалған хабарламалар қоғамда негізсіз дүрбелең туғызып, төтенше қызметтердің жұмысын қиындататынын атап өтті. Ведомство мұндай әрекеттер заң бойынша қатаң жазаланатынын, тіпті бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылғанын ескертті.
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті өкілінің айтуынша, барлық осындай фактілер заманауи цифрлық құралдардың көмегімен тексеріліп, кінәлілер анықталады.