Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облысы Іле ауданында салынуы тиіс қоқыс өңдеу зауытының құрылысына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Зауыт қылмыстық іс қозғалған Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевқа қатысты қоқыс полигоны аумағында салынуы керек еді.
Бағдат Қарасаевты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ағымдағы жылдың күзінде қамауға алды. Прокуратура мәліметінше, әкімнің қамауға алынуына Іле ауданындағы қоқыс полигонының қызметіне жүргізілген бірлескен тексеріс себеп болған. Антикордың дерегіне сәйкес, ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ) полигонын сенімді басқару құқығын өзімен аффилиирленген компанияға берген деген күдікке ілінген.
Әкім қамауға алынардан біраз бұрын, яғни 2024 жылдың 25 шілдесінде Іле ауданындағы ТҚҚ полигоны аумағында болашақ зауыттың іргетасы қаланған болатын.
Алматы облысы әкімдігінің мәлімдеуінше, полигонды сол бұрынғы компания – “ADC Taza Alem” ЖШС басқарады. Қазіргі уақытта қоқыс өңдеу зауытының құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.
- Нысан құрылысы тек жобаға сараптамадан оң қорытынды алынғаннан кейін басталуы мүмкін. 2020 жылдың 11 ақпанында №146999 электронды сауда-саттық хаттамасына сәйкес, полигонды сатып алу құқығынсыз сенімді басқаруға “ADC Taza Alem” ЖШС-не беру туралы шешім қабылданған, – деп мәлімдеді облыс әкімдігі.
Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының аумағы – 34,3 гектар. Полигон күн сайын 100 тоннадан астам қоқысты қабылдайды.
Айта кетейік, 60 жастағы Бағдат Қарасаев 2018 жылдың наурыз айынан бастап Алматы облысы Іле ауданының әкімі болып жұмыс істеген.