Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Америкалық кәсіпкер Илон Маск үкімет жанынан құрылатын жаңа департаменттің басшылығына тағайындалмақ, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Дональд Трамп Маскке осы қызметті ұсынды. Маск бұл міндетті 39 жастағы кәсіпкер әрі саясаткер Вивек Рамасвамимен бірге атқарады. Жаңадан сайланған президенттің айтуынша, олар үкіметтегі бюрократияны азайтып, қажетсіз шығындарды қысқарту және федералдық агенттіктерді қайта құруға бағытталған жұмыс жүргізбек. Жаңа департамент Ақ үймен және бюджет басқармасымен бірлесіп, кең ауқымды құрылымдық реформалар жасауға атсалысады.
Сонымен қатар, Маск Трамптың сайлауалды науқанын қолдап, оған миллиондаған доллар қаржы бөлген және болашақ президентпен бірлескен мәлімдемелер жасаған.