Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Маск соғыстың аяқталуын Трамптың жоспарына байланысты болатынын айтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Кәсіпкер Newsweek басылымының Трамптың Ресей мен Украина арасындағы майдан сызығы бойынша ұзындығы 800 миль болатын демилитаризацияланған аймақ құруды жоспарлап отырғаны туралы жаңалығына пікір білдірді. Бұл аймаққа Ұлыбритания мен Еуропа әскерлері орналастырылатын болады.
- Жақын арада мағынасыз өлтірулер аяқталады. Соғыс тұтатушылар мен алыпсатарлар үшін уақыт бітті, – деп жазды Маск әлеуметтік желіде Х-тегі жазбасында.
Бұл жоспарға сәйкес, АҚШ билігі Киевке қақтығыстың болашақта қайта басталуын болдырмау үшін қару-жарақ жеткізуді ұсынуы мүмкін.
Бұған дейін Дональд Трамп NBC телеарнасына берген сұхбатында, АҚШ президенті сайлауында жеңіске жеткеннен кейін Ресей көшбасшысы Владимир Путинмен әлі сөйлеспегенін, бірақ оның болашақта орын алуы мүмкін екенін жоққа шығармайтынын айтқан болатын.