Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Интерпол Қазақстан Республикасының алғашқы “Күміс хабарламасын” шығарды
Жаңалықтар

Интерпол Қазақстан Республикасының алғашқы “Күміс хабарламасын” шығарды

18.08.2025
1 мин
0
110
Сурет: ашық дереккөз

Активтерді іздеу және қайтару бойынша жаңа құралды енгізу жөніндегі пилоттық жоба аясында Интерпол Қазақстан Республикасының алғашқы "Күміс хабарламасын" шығарды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұл құжат активтерді қайтару жөніндегі Заң Субъектілерімен үлестес тұлғалардың активтері туралы ақпаратты алуға бағытталған. 

Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылы Қазақстан Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің (бұдан әрі— Комитет) атынан Интерполдың жоғарыда аталған пилоттық жобасын енгізу жөніндегі жұмыс тобының құрамына кірген болатын.

Жобаның қатысушылары қатарында Ұлыбритания, Испания, Италия, Катар, Қытай, Кувейт, Мальта, Нидерланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Польша, Португалия, Ресей, Сингапур, АҚШ, Франция, Швеция және тағы басқалары секілді 50-ден астам ел бар.  

Жалпы бұл құрал Интерполдың құрамына кіретін барлық 196 мемлекет арасында заңсыз иемденілген активтер туралы ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. 

Оның көмегімен заңсыз иемденілген активтер, оның ішінде жылжымалы және жылжымайтын мүлік, сондай-ақ ақша қаражаттарын қадағалау, сәйкестендіру және олар туралы мәліметтер алуға болады. 

Егер бұрын Интерпол негізінен іздеудегі адамдар туралы ақпаратты тіркеген болса, ендігі уақытта активтергеде назар аударылатын болады және тиісті негіздер болған жағдайда, олар әлем бойынша әр түрлі қудалау шараларына ұшырауы мүмкін. 

Комитет ведомствоның сыртқы контурдағы мүмкіндіктерін кеңейту және активтерді қайтару тетіктерін жетілдіру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдайды. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл