Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түркістан облысында құны 300 млн долларға бағаланған жоғары технологиялық жылыжай кешені ашылмайтын болды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жобаны Кентаудағы Қарашық ауылдық округінде іске қосу жоспарланып, жылыжай кешенін Dal Holding Investment Со түрік компаниясы алған. Десе де, 300 млн долларлық жылыжай іске қосылмайтын болды.
"Жоғарыда аталған инвестор бүгінгі таңда Түркістан облысында жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырған жоқ", – деп хабарлады өңірлік Инвестициялар және экспорт басқармасы.
Бұған дейін жылыжай кешенінде қияр, қызанақ және бұрыш өсіріп, жылына шамамен 80-100 мың тонна өнім алу көзделген.
Еске сала кетейік, жылыжай кешенінің құрылысы 2019 жылдың I-ші жартысында, ал іске қосу 2020 жылға жоспарланған болатын.