Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Иран билігі футболдан ұлттық құраманың бұрынғы шабуылшысы Али Даеиді өлім жазасына кесті. Даңқты футболшы қыркүйек айының басында полиция ұстағаннан кейін қаза тапқан 22 жастағы Махса Аминидің өліміне байланысты наразылық акцияларына қатысқан.
Ол Иран үкіметін қуғын-сүргін, зорлық-зомбылық және қамауға алуды тоқтатып, Иран халқының мәселелерін шешуге шақырған. Жазбасы Instagram желісінде жарияланғаннан кейін оның төлқұжаты тәркіленгені жайлы мәліметтер бар.
Айта кетейік, 14 қарашада Әли Даеи Instagram-дағы парақшасына ФИФА-ның Катарға әлем чемпионатына шақырудан бас тартқанын жазған болатын.
Осындай қиын сәтте отаныммен бірге боламын, - деген еді ол.
Криштиану Роналду оның рекордын жаңартқанға дейін Даеи ұлттық құрама тарихындағы ең үздік бомбардир болды. Ирандық шабуылшы ұлттық құрама сапында 149 матч өткізіп, 109 гол соққан.
Ол «Бавария», «Герта Берлин» және «Арминия» секілді командалардың сапында ойнаған