Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан бойынша 15 отбасы IRM Clinic орталығының әлеуметтік бастамасы аясында тегін ЭКО (экстракорпоральды ұрықтандыру) жасау мүмкіндігіне ие болды. Бұл қуанышты жаңалық клиниканың 30 жылдық мерейтойы мен Астанадағы филиалының ашылғанына бір жыл толуына орай ұйымдастырылған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Әлеуметтік жоба аясында үш айға созылған іріктеу жүргізілді. Осы уақыт ішінде еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ге жуық өтініш келіп түсті. Медициналық талаптарға сай іріктеуден 70 жұп өтті. Соңғы кезеңде солардың арасынан 15 отбасы толықтай тегін ЭКО жасауға жолдама алды.
IRM Clinic – репродуктивті медицина саласында 30 жыл бойы қызмет етіп келе жатқан жетекші орталықтардың бірі. Осы уақыт ішінде клиника мыңдаған отбасының ата-ана атануына себепші болды. Астанадағы филиалы өткен жылы ашылып, бір жыл ішінде балалы болуды армандаған жүздеген отбасына үміт сыйлап үлгерді. Бүгінде клиника қызмет аясын кеңейтіп, репродуктивті медицинадағы заманауи технологияларды енгізуде.
Тегін ЭКО жеңіп алған жұптар бүгінде ем-домға дайындықты бастап кеткен. Ал бағдарламаға қатысқан, бірақ жеңіске жете алмаған басқа отбасыларға да арнайы жеңілдіктер ұсынылған. Олар үшін ЭКО мен дәрі-дәрмектерге 10-20% жеңілдік қарастырылды.
- Мен 14 жыл бойы бала сүюге талпындым, талай есік қақтым, бірақ нәтиже болмады. Өзім Жетісай қаласында балабақшада аспаз болып жұмыс істеймін, күнде кішкентай балаларды көремін, тамақ беремін, бастарынан сипаймын, бірақ өзімнің құрсағыма бір бала бітпеді. Бүгін мен IRM Clinic-тен тегін ЭКО ұтып алғанымды естігенде, өз құлағыма өзім сенбедім. Бұл мен үшін жай ғана мүмкіндік емес, бұл – өмірімнің ең бақытты сәті, — дейді жеңімпаздардың бірі, көзіне жас алған Жадыра.
Ана болуды армандаған әрбір әйел үшін IRM Clinic – шынайы үміт пен жаңа өмірге бастар жол. Егер сіз де бала сүюді армандасаңыз, бұл клиника сіздің арманыңызды жүзеге асыруға көмектеседі!