Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Валенсия өңірінде толассыз жауған жаңбыр мен бұршақ салдарынан жойқын су тасқыны болып, 95 адам қайтыс болды. Испания үкіметі үш күндік аза тұтуды жариялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
BBC арнасы хабарлағандай, өңірлік үкіметтің басшысы Карлос Масонның айтуынша, апаттан зардап шеккен аудандарда құтқару жұмыстары жалғасуда, қайтыс болғандар саны нақтыланып жатыр. Соңғы мәліметтерге сәйкес, құрбандардың көбі Валенсия мен Кастилья – Ла Манча өңірлерінде анықталған.
Сонымен қатар Балеар аралдарында да табиғат апатынан зардап шеккендер бар деген ақпарат бар. Қорғаныс министрлігі мыңнан астам әскери қызметкер мен тікұшақтарды көмекке жіберді.
Құтқарушылар байланысқа шыға алмай жатқан тұрғындарды іздестіруде, ал көптеген үй шаруашылығы электр жарығынан айырылды. Испанияның метеорологтары Чива қаласында бірнеше сағат ішінде жылдық нормамен шамалас жауын түскенін хабарлады. Соңғы 30 жылда мұндай жойқын тасқын болмаған.