Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Карантин қайта күшейтіліп жатыр
Жаңалықтар

Карантин қайта күшейтіліп жатыр

16.11.2020
1 мин
0
3462

Қазақстанның шығыс және солтүстік аймақтарындағы кейбір елді мекендердің карантинге жабылып жатқаны белгілі. Сондықтан ПТР анықтамасынсыз ондай аумақтарға кіріп-шығуға тыйым салынған.

Бірақ вирус жұқтырғандар саны еліміздің барлық аймағында қайта көбейіп жатыр. Қазір олардың саны 120 мың адамнан асты. Яғни өткен аптадағы көрсеткішке қарағанда 1,7 есе көп.

Әзірге «қызыл» аймаққа Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары жатқызылды. Ал Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысы «сары» аймаққа енді. Десе де, Денсаулық сақтау министрлігі екінші толқын әлі басталмағанын мәлімдеді.

ПТР анықтамасынсыз кіруге болмайтын аймақтар

  • Шығыс Қазақстан облысына 1 қарашадан бастап блок бекеттер қойылды. Тұрғындарға ұшақ және пойызбен ПТР анықтамасынсыз шығуға тыйым салынды. Бірақ бес жасқа дейінгі балаларға ПТР анықтамасы керек емес.
  • Петропавл қаласына да блок бекеттер қойылып, мерзімі үш күннен аспаған ПТР анықтамасы арқылы ғана кіруге рұқсат етілген.
  • ПТР анықтамасы болмаса Көкшетауға да кіруге болмайды. Сондай-ақ 21.00-ден 6.00-ге дейін қала ішінде жаяу да, автокөлікпен де жүруге рұқсат етілмейді.
  • Карантин талаптары күшейтілген тағы бір облыс – Қостанай облысы. Батыс Қазақстан облысының аудандары мен Орал қаласында да кіріп-шығу шектелді.

Блок бекеттерден медициналық және апатты қызметтер, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін көліктер еш кедергісіз өте алса, санитарлық бекеттерден қаулыда көрсетілген азаматтар санаты ғана өте алады.   

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл