Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 3 тамыздан бастап карантин шараларының қалай жеңілдейтінін айтты.
Оның айтуынша, коронавирустың көрсеткіші бірден төмен (R ≤ 1), емханаларда төсек-орындар 70 пайызға бос болған жағдайда және өлім саны әлдеқайда төмендесе, елдегі карантин режимі жеңілдейді.
Карантинді жеңілдету үшін санитарлық-дезинфекциялық режим қатаң сақталып, маска тағу, сондай-ақ ара қашықтық қадағалануы керек.
Жұмысын бастайтын нысандар:
Таза ауада азаматтарға қашықтықты сақтай отырып, жеке және топпен жаттығу жасауға, Ұлттық құрамаларға 30 адамнан аспайтын топпен спорттық жаттығулар жасауға рұқсат етіледі.
Көшеде, саябақтарда, жағалауларда үш адамнан артық топтасуға болмайды.
Қоғамдық көліктің жұмысы уақыт пен жолаушылар санын 50%-ға шектей отырып, маска, санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтауды және кондукторлардың болуын міндеттеу арқылы қайта жанданады.
Қандай тыйымдар күшінде қалды:
- жаппай тойлау шаралары, көңіл көтеру мекемелерінің, кинотеатр, фудкорт, банкет залдарының;
- мейрамхана, бар, түнгі және ойын клубтарының;
- мәдени нысандар, музей, конференция, көрме, форум ұйымдастыруға тыйым салынады;
- спорт залдары, фитнес залдары, бассейн, аквапарктардың;
- діни нысандардың жұмыс істеуіне тыйым салынады.