Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Карантиндегі жемқорлық
Жаңалықтар

Карантиндегі жемқорлық

04.07.2020
1 мин
0
1500

Карантин кезінде 71 жемқорлық қылмыстың беті ашылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция департаментінің басшысы Лейла Йылдыз онлайн-брифингте хабарлады.

«Карантин кезінде мониторинг жеке бағыт ретінде бөлек қарастырылды. Біз қызметкерлердің бір бөлігін қашықтан жұмыс істеуге жібердік. Алайда онлайн жұмыс істеу барысында ақпараттық жұмыстарды сапалы жаңа деңгейге көтере алдық. Індетпен күреске бөлінген қаражаттың жұмсалуына, әлеуметтік маңызы бар нысандарға – базарларға, дүкендерге, блокпостарға азаматтық қоғам мен «Adaldyq alańy» өкілдерінен жасақталған арнаулы мониторинг тобымен бақылау жасауға басымдық бердік», – деді ол.

Оның айтуынша, аталған уақыттың ішінде агенттіктің құқық қорғау қызметі жүйелі жемқорлық фактілерінің, індетпен күреске бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуы барысында заңға қайшы әрекеттердің алдын алуға бағытталды.

«71 жемқорлық қылмысы анықталды. Олардың басым бөлігі блокпостар арқылы заңсыз өткізгені және карантин шараларын бұзғаны үшін жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік бергені үшін пара алумен байланысты», – деді Лейла Йылдыз.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл