Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Кәсіпкер Нұрсұлтан Сүлеев: «Шағын фотостудия бірнеше медиа компанияға айналды»
Менің кәсібім

Кәсіпкер Нұрсұлтан Сүлеев: «Шағын фотостудия бірнеше медиа компанияға айналды»

24.08.2021
1 мин
15
10083

Нұрсұлтан Сүлеев – М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік коммуникациялар академиясының түлегі. Қазіргі кезде танымал кәсіпкер, медиапродюсер. Ол елімізден бөлек БАӘ, АҚШ, Франция, Түркия мемлекеттерінде түрлі медиажобаларды жүзеге асырған. Нұр-Сұлтан, Алматы, Прага қалаларында студиялары бар. Болашақта басқа да жобаларды жоспарлап жүрген жас кәсіпкер бұнымен тоқтап қалмақ емес. Алғашқы жұмысын даяшылық қызметтен бастаған ол 23 жасында кәсіпкерлікті қолға алған. Осы орайда, Нұрсұлтан Сүлеев кәсібін басқару жолы, карантин кезіндегі қиындықтар мен табысы жайлы бөлісті.

- Нұрсұлтан мырза, біздің мақсатымыз түрлі салада еңбек етіп, кәсібін жүргізіп жүрген жандарды жұртшылыққа таныстыру. Сіз бизнес саласына қалай келдіңіз?

- Медиа саласында бірнеше компаниям бар. Десе де, бұл кәсіп қарапайым даяшы болудан басталған. Мен мейрамханада даяшы болып жүмыс істедім. Сол кезде фотографтардың жүмысына қызықтым, сәйкесінше ақшаны да жақсы табатынын көрдім. Өзімді осы салада дамыту үшін суретке түсіруді үйрететін түрлі курстарға жазылдым. Курстарды оқу барысында қызығушылығым одан сайын арта түсті. Нәтижесінде, 2 айдан кейін жеке студиямды аштым. Ол қарапайым, кішкентай фотостудия еді. Алғашқы фотоаппаратымды 120 мыңға сатып алған едім. Ал фото шығаратын принтерге кететін шығынды қарызға алуға тура келді. Алғаш жұмысқа кіріскен күннен бастап түскен табысты тек дамуға, жұмысқа қажетті жаңа техникаларды алуға жұмсап отырдым. 2012 жылы ашылған шағын кәсіп бүгінде медиа саласында жан-жақты қызмет ұсынады. Осылайша, шағын фотостудия бірнеше медиа компанияға айналды

- Жобаларыңыз Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де бар екен. Аталған бизнесіңіздің барлығына басшылық ету қиынға соқпай ма? Команданы басқару жүйесінде қандай жүйені қолданасыз?

- Менің ойымша, басшылық ету – білім  жетіспеген жағдайда ғана қиынға соғады. Сондықтан білімді жетілдіріп отыру, мен үшін қашан да алғашқы сатыда. Даму мен ізденіс жолында жүрген адам ғана өзін де, өзгені де жақсы түсініп, тани алады. Жұмысқа өзімнен бөлек жауапты басшыларды қою да  шеберлікті  талап етеді. Осы тұста, білімің мен біліктілігің сыналып, дұрыс әрекетті қабылдауға тырысасың. Командамның әр мүшесін жұмыс барысында жігерлендіріп, керек кезде кеңес беруден жалықпаймын. Командамда 50-ден аса адам бар. Бізде күн сайын жиналыс өтеді. Жұмыстың қарқынды жүруімен қатар сергіту сәті ретінде тимбилдинг, жұмыстан тыс кездесулер де қалыс қалмайды. Сол себепті жиналыстарда жұмыс барысын жоспарлап жатсақ, демалыс кезінде команданы жігерлендіріп, жақсы отырыстар ұйымдастырамыз. Қазіргі кезде басқару жүйесінде бұл өте маңызды. Осыған байланысты жұмысымыз жүйелі де қарқынды, бет алысымыз жоғары деп ойлаймын.

- Күніне қанша уақыт жұмыс істейсіз? Жалпы, кәсіпкердің бір күні қалай өтеді?

- Қазіргі кезде медиа саласында 7 компаниям бар. Сонымен қатар қосымша құрылыс саласында жобалармен айналысып жүрмін. Уақытымның көп бөлігі дәл осы жобалардың дұрыс жүруін қадағалау, туындаған мәселелерді тексерумен өтеді. Жұмысшыларға жүктелген тапсырмаларды да уақытында қабылдап алу керек. Яғни, менің бір күнім толық кәсіппен айналысумен өтеді. Алайда, басқа істерге уақыт таппай жатсам да, күн сайын серуендеуді ұмытқан емеспін. Бірақ уақытымның барлығы дерлік жұмысыма, командама арнаумен өтеді.

- Құпия болмаса, түрлі түсірілімдерден қанша пайда табасыз?

- Әр айда әртүрлі пайда түседі. Мәселен, бір NS Studio-ның өзіне жылына 1 500-ден аса жұп келеді. Негізі жылына елімізде 150 000-нан аса жұп үйленеді десек, ол сандар жыл сайын өзгеріп отырады. Олардың барлығы біздің потенциялды клиент болып есептеледі. Осы жұптардың "love story"-ін түсіру үшін 3-4 команда жұмыс істейміз.

Сонымен бірге "Ns media" клиптерге жауап берсе, басқа да студияларымыз  отбасылық фотосуреттерге, түрлі жанрдағы бейнероликтерге тапсырыстарды қабылдайды. Яғни, табыс көзі әртүрлі болуы мүмкін. Қазіргі кезде карантин талаптарына байланысты тойлардан тапсырыс болмаса да, түрлі компанияларға видео түсіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бір студиямыздың өзінен ай сайын тұрақты түрде 3-5 млн теңге түсіп отырады. Жобалардың бағасы өз алдына келісім арқылы әр түрлі бағада жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ кез келген компанияның дұрыс жұмыс істеуі  қызмет сапасына тікелей байланысты. Біз өзімізге келетін әр клиенттің жеке қалауын ескеріп, барынша жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз. Алдын ала келісімшарт жасасып, қызметті уақытылы орындаймыз.

- Кәсіпкерлігіңізге карантиннің қандай әсері болды? Бұл жағдай сіздің табысыңызға қалай әсер етті?

- Пандемияның салдары жұмысымызға да кері әсерін тигізгені жасырын емес. Алғашқы айларда жұмыс жүрмей, қиын болды. Бұрын мерекелік шаралар, тойлар көп болатын. Бірақ шектеу шараларына байланысты жұмысымыз тоқтады. Десе де, отбасылық түсірілімдерге сұраныс басым. Сондай-ақ еліміздің танымал компанияларына жарнамалық видеолар түсіруді қолға алдық.

- Қазіргі уақытта табысты болғысы келетін жастар көп. Оларды қолдау мақсатында шығармашылық сабақ өткізу ойда жоқ па?

- Мен білгенімді қашан  да үйретуден жалыққан емеспін. Қазір әр адамға қажет маңызды қасиет: өсе білу, білім алу, мақсат қою. Бойдағы қабілетті ашып, өзін толық тани алған кез келген адам ғана биік шыңды бағындырады деген сенімдемін.Жастар қарапайым өмір қағидаларын сақтап, мақсаты айқын болып, еңбектенсе, келешекте кемел тұлға атанары айдан анық емес пе?!

- Пайдалы ақпаратыңызға алғыс айтамыз. Ісіңіз өрге бассын. Жетістікке жетіп, тек биіктерден көріне беріңіз.

Cұхбаттасқан: Жанерке Матышева

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
15 Пікір
Н
Нурдаулет Жанабаев 08.10.2022
Көріп қуанып отырмын Нурсултан Сүлеев студенттік шақтағы досым болған. Кәсібің, табысың берекелі болғай, бар бол, бай бол Бейнеуден Нурдаулет.
Жауап беру
W
World bank 29.09.2022
сәлем ханым мырза, біз дүниежүзілік банктенміз және бізде қызығушылық танытатын кез келген адамға және бүкіл әлем бойынша жылына 2% пайызбен деректерді беруге рұқсатымыз бар, қосымша ақпарат алу үшін біздің whatsapp сілтемелерімізді қараңыз. 500.000 /900.000/25.000.000 теңге, рубль, сом, юань, $, € +22956220497
Жауап беру
В
Венира 13.01.2022
Салметсизбе мен 2019 гратка тапсырмагам бирак 50600тусипти мен соны билми алдым пчтадан суитип 2 кун откен сон бир аиел звандаиды менин акшамды бер мен тусинби кандаи акша десем грантка мен тураладым мен алам диди суитип 1 аи боиы басымды катирип журди суитип мен атамекен ге барып озим тапсырам десем сиз былые алгансыз деди бу калаи дедим олар менин кужаттарымды корсетти сол мен олар калаи менин кужаттарымды алган ишо шот номеримди бпрген ботендерге мен вавше тусинбедим озим барып куиеуиме шот ашам десем олар маган бпрмеди ози келсин диди бунин барине басым катип кетти биыл грантка катысаламынба тапсырсам
Жауап беру
М
Мақпал 27.08.2021
Керемет бизнес, ісіңіз ілгері болсын! Менде үйренгім келеді.
Жауап беру
М
Мақсат 26.08.2021
Тамаша
Жауап беру
Д
Дурия 26.08.2021
Жумысыныз алга баса берсин. Бизгеде жугысты болсын касипкерлик.
Жауап беру
Г
Гулбану 25.08.2021
Қазақстанның кәсібі дами берсін
Жауап беру
О
Олжас 24.08.2021
Керемет. Официант болып котерилиу ушин де Жигер керек
Жауап беру
М
Максат 24.08.2021
Биздин касипкерлер дами берсин! Молодец
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл