Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтауда 1-шағынаудандағы Каспий теңізінің жағалауы қызыл түске боялып, жергілікті тұрғындарды алаңдатты. Көпшілік бұл құбылыстың химиялық төгінділермен байланысты болуы мүмкін деп болжағанымен, экологтар ешқандай қауіп жоқ екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
- Бұл – қыс мезгілінде жиі кездесетін қалыпты жағдай. Әсіресе, қар жауған кезде ақ түспен араласқан ашық қызыл түс ерекше көрініп, адамдарды шошытуы мүмкін. Бұл түсті теңіздегі қоңыр балдырлар береді, - деп түсіндірді “Эко Маңғыстау” ҮЕҰ басшысы Кирилл Осин.
Экологтардың айтуынша, суық маусымда балдырлар қарқынды өсіп, гүлдейді, нәтижесінде жағалау осылайша өзгереді.
Маңғыстау облыстық экология департаменті де теңіз суының түсінің өзгеруіне балдырлардың таралуы себеп болғанын растады. Дегенмен, жағдайды нақтылау үшін “Достар” жағажайы, “Нұр-Плаза” және яхта клубы аумағынан су сынамалары алынған.
- Зерттеу нәтижелері теңізде химиялық ластану жоқ екенін көрсетті. Балдырлар адамға да, экологияға да ешқандай зиян келтірмейді. Бұл – табиғи құбылыс, сондықтан алаңдауға негіз жоқ, – деді Маңғыстау экологиялық зертханасының гидробиология бөлімінің зертханашысы Нұрболат Өтемісов.