Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Келер жылы баспана бағасы қалай өзгереді?
Жаңалықтар

Келер жылы баспана бағасы қалай өзгереді?

20.11.2020
1 мин
5
2808

Krisha.kz жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысынан 2021 жылы тұрғын үй бағасы қандай болатынын, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу, жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламалары мен бағаның ауытқуы нарыққа қалай әсер ететінін сұрады.

Сарапшы Анна Шацкая жылжымайтын мүлік нарығы, жалпы экономика биыл елеулі күйзелістерді бастан кешкенін айтты.

"ТЖ және карантин кезеңінде мәмілелердің сәтсіздікке ұшырауы белсенділіктің орташа есеппен 7,7 пайызға қысқаруына әкеп соқты (2019 жылдың қаңтар-қазаны мен 2020 жылдың қаңтар-қазаны). Қазіргі уақытта біртіндеп қалпына келіп жатыр. 

Пандемия сатып алушылардың таңдауына өзгеріс әкелді. Жер телімі бар жекеменшік үйлерді сатып алушылардың үлесі артты. Бұл әсіресе жаз айларында байқалды.

Бағаға келетін болсақ, бұл жерде сегментке байланысты көп бағытты трендтер байқалды. Қымбат тұрғын үйдің (элиталы және бизнес-каласс) орташа құны жыл басынан бері 3,3 пайызға төмендеді. Жаппай тұрғын үй сегментінде көптеген қаладағы бағалар тұрақты болып қала береді", - деді сарапшы.

Экономистер әлемде 2021 жылы экономиканың өсуі қалпына келеді деп болжап отыр. Бұл коронавирусқа қарсы вакцинаның пайда болуына байланысты, ол көктемде сатыла бастауы керек. Халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша, Қазақстан экономикасы 2021 жылы орта есеппен 4,2-5,8 пайызға өсе бастайды.

Келесі жылдың басында қымбат тұрғын үй сегментінде бағаның төмендеу үрдісі сақталуы, ал қалғандары тоқсанына 1,5-2 пайызға қымбаттауы мүмкін. Бұл тұрғын үйге қолжетімдікті кеңейтуге бағытталған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының дамуына байланысты болады. Атап айтқанда, бұл "Баспана Хит", "7-20-25", "Нұрлы жер", "Әскери өнім", "Бақытты отбасы" және "Өз үйім" бағдарламалары бойынша жаңа шарттар.

"Менің есептеулерім бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматыда "Баспана Хит" бағдарламасы бойынша пәтерлердің қымбаттауы қосымша 3000-3500 пәтерді қамтуға мүмкіндік береді, бұл теориялық тұрғыдан сұранысты 10-15 пайызға арттыруы мүмкін. Бұдан басқа, зейнетақы ақшасын басқа жинақтармен бірге тұрғын үй сатып алу үшін мерзімінен бұрын пайдалану мүмкіндігі сұранысқа жылына 6-9 пайызға қосымша қолдау көрсетуі мүмкін.

Зейнетақы ақшасын тұрғын үй сатып алуға мерзімінен бұрын пайдалануға қатысты мынаны айта аламын: үкіметтің жоспары бойынша мұндай мүмкіндік 721 мың адамда болады. Олар бірге 1,4 триллион теңгеге дейін ақша ала алады. Бір жағынан, тұрғын үй нарығы үшін бұл айтарлықтай сома. 2019 жылы, мысалы, елде тұрғын үй нарығындағы мәмілелер көлемі 5,5 триллион теңге болды, яғни 1,4 триллион - жылдық сұраныстың 25 пайызы. Бірақ екінші жағынан, бұл ақшаның бәрі бірден тұрғын үй нарығында болады деп айтуға негіз жоқ, өйткені олардың бір бөлігі басқа мақсаттарға (емделуге) жұмсалуы мүмкін.

Шоттардан босатылған 1,4 триллионды 721 мың адамға бөлсек, жинақтардың орташа мәнін аламыз, яғни бір адамға 1,9 миллион. Қаражаттың 80 пайызы тұрғын үй нарығына түседі делік. Айтарлықтай сома емес, себебі ел бойынша пәтердің орташа құнының 9,5 пайызы (16.3 миллион теңгеден бастап) бастапқы жарна үшін жеткіліксіз. Сондықтан көптеген адам қаражатты бір түнде пайдалана алмайды, бірақ жеткілікті сома жинақталғанша, оны 2-3 жылға кейінге қалдырады.

Негізгі драйвер төмендетілген мөлшерлемелермен және бастапқы жарнамен берілетін тұрғын үй бағдарламалары болып қала береді. Олардың әрқайсы халықтың белгілі бір топтарына бағытталған және жалпы бұл жыл сайынғы оң динамиканы көрсетіп отырған нарықтағы сұранысты арттырады (соңғы үш жылдағы орташа есеппен 21,6 пайыз)", - деді Анна Шацкая.

Оның болжамы бойынша, 2021 жылы тұрғын үй нарығындағы сұраныс 16-25 пайызға артады.

"Доллар бағамы, жылжымайтын мүлік нарығының долларлануына қарамастан, бағаларға жанама әсер етуді жалғастырады. Халықаралық сарапшылар 398-430 теңге деңгейінде тұрақтанатынын күтіп отыр. Мұндай сценарий бойынша, бұл бағаларға айтарлықтай әсер етпейді", - деп түйіндеді ол.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
5 Пікір
Ф
Феруза 21.11.2020
Толык не дегиси кеп тур Даулет мырза казаки жалпак тилде айтынызшы Мыркымбай Батима деп.
Жауап беру
А
Акбаян 21.11.2020
Арендный желье бериле ма? Толып аппарат берсниз
Жауап беру
М
Молдир 20.11.2020
Сонымен қорытындысын не дегісі келіп отыр.толықтай түсіндіріңіздерші
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл