Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Келешек" жүйесі: шоттағы ақшаны қайда жұмсауға болады?

13.01.2025
мин
2
612
Сурет: wsj.com

10 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті "Келешек" мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заңға қол қойды. Бұл бастама Қазақстанның балаларын қолдау мақсатында жүзеге асырылып отыр. Жүйе 5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға білім алу үшін қаржы жинақтауды көздейді. Оның ішінде тек техникалық және жоғары білім ғана емес, сонымен қатар шетелде білім алуға да мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

"Келешек" жүйесінің басты артықшылықтары:

- Білім беру капиталының бастапқы сомасы ретінде мемлекет 60 АЕК (235 920 теңге) мөлшерінде көмек ұсынады. Бұл қаражат 5 жасқа толған балаларға белгіленеді.
- Жетім балалар үшін бастапқы білім беру капиталы 120 АЕК (471 840 теңге) көлемінде болады.
- Қаражатты жинақтауға арналған инвестициялар, екінші деңгейдегі банктің сыйақысы немесе сақтандыру компаниясының инвестициялық кірісі арқылы өседі.
- Жыл сайын мемлекеттік сыйақы төлеу - жоспарланған мөлшері 5-7% құрайды.

Қалай жинақтауға болады?

"Келешек" шотын екінші деңгейдегі банктерде немесе балаларға арналған мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушы сақтандыру компанияларында ашуға болады.

Ата-аналар шотты ашқаннан кейін, ХӘОТ балалары үшін жыл сайын 12 АЕК (айына шамамен 4 мың теңге), ал басқа балалар үшін 24 АЕК ең төменгі жарна төлеуі тиіс.

Жинақталған қаражатты қайда жұмсауға болады?

- Колледждер мен жоғары оқу орындарына: Бұл қаражатты елімізде немесе шетелде білім алу үшін пайдалануға болады.
- Грант алған жағдайда: Қаражатты басқа білім беру мекемелеріне, сондай-ақ техникалық және жоғары білім алуға бағыттауға болады.
- Жинақтауды жалғастыру: Сіз жинақтауды әрі қарай жалғастырып, есеп шотындағы қаражатты көбейте аласыз.
- Төлемді басқа тұлғаға аудару: ҚР азаматы болып табылатын үшінші тұлғаға аударуға болады.
- Тұрғын үй сатып алу: Қаражатты тұрғын үй алу үшін жұмсау мүмкіндігі бар.
- Білім туралы құжат ұсынылған жағдайда: Жинақталған қаражатты білім туралы құжат ұсынылған жағдайда алуға болады.

"Келешек" жүйесі жастардың білім алуына үлкен мүмкіндік береді. Бұл бастама тек болашақ ұрпаққа сапалы білім алу үшін қаржы жинақтауды ғана емес, сонымен қатар олардың әлеуметтік тұрмысын жақсартуға да бағытталған. Жинақталған қаражатты әртүрлі мақсаттарға жұмсауға мүмкіндік береді, сол арқылы жас азаматтар өз болашағына деген сенімді қадам жасай алады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Б
Бота 14.01.2025
Кез-келген екінші деңгейлі банктен аша алсақ дұрыс болар еді….
Жауап беру
Г
Гули 13.01.2025
Өзіміз салып отырамызба
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл