Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Халықаралық Bazaar-2023 көрмесінде қазақ мәдениеті мен қолөнері таныстырылды
Жаңалықтар

Халықаралық Bazaar-2023 көрмесінде қазақ мәдениеті мен қолөнері таныстырылды

13.11.2023
1 мин
0
336
Фото: ҚР ТСМ парақшасынан

Отандық өндірушілер 8-12 қараша күндері Германияда өткен әлемдегі ең ірі Berlin Bazaar халықаралық көрмесіне қатысты. Қазақстанның ұлттық павильоны Туризм және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Kazakh Tourism» ҰК АҚ қолдауымен ел туризмін өнер және қолөнер арқылы таныту аясында ұйымдастырылған.

Жыл сайын өтетін Berlin Bazaar көрмесіне биыл әлемнің 60 елінен тіркелген 500-ге жуық креативті кәсіпкерлер өз өнімдерін ұсынған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған көрме отандық ұлттық брендтер үшін жаңа экспорттық нарықтарды ашуға, қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысын таныстыруға және елімізге саяхаттағысы келетін әлеуетті туристермен коммуникация орнатуға тиімді платформа болды. Көрмеде Қазақстан павильонын келушілерге бірқатар қолөнер шебері, табиғи өнімдерді және «fair trade» тауарларын өндірушілер мен дизайнерлер таныстырған. Сонымен қатар, ұлттық павильонда орналасқан үлкен экрандарда Қазақстан туризмі туралы бейнероликтер де көрсетілген.

Айта кетейік, жуырда Қазақстан туризмі туралы түсірілген видеоролик Еуропада екі аталым бойынша үздік деп танылған-ды.

"Қазақстан – әсем табиғатқа ғана емес, мәдени мұраға да бай мемлекет. Берлиндегі көрмеге еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген ең үздік қолөнер шеберлері жасаған өнімдер қойылды. Біздің дизайнерлер мен шеберлердің өнімдері еліміздің ұлттық мәдени кодымен және өзіндік ерекшелігімен дараланып тұрды. Мұндай іс-шаралар Қазақстаннан тыс жерлерде ел туризмін дәріптеуге тамаша мүмкіндік береді. Біз әлемнің әр қиырынан келетін қонақтарды қарсы алуға және оларды таң қалдыруға әрқашан дайынбыз", - деді туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Қазақстан павильоны көрме залының ортасында киіз үй шеңберінде жасалған. Осылайша келген қонақтар еліміздің әдет-ғұрпы, салт-дәстүрімен танысқан. Көрмедегі Қазақстан стендінің бір ерекшелігі, Ассол бүркеншік есімімен танымал отандық суретшінің бірегей туындылары қойылыпты. Қылқалам иесі ерекше туындыларын жасауда кенеп матаның орнына кілемдерді қолданған. Сондай-ақ бұл туындылардың басым бөлігі Қазақстанның аңыз әйелдеріне арналған. Атап айтқанда, оның суреттерінде Сақ патшайымы Томиристің, мифтік Жер Ана және басқа да тарихи тұлғалар бейнеленген.

"Қазақстан – таңғажайып ел. Осы көрмедегі ең үлкен павильон сіздердікі болды. Маған қысқы ұлттық киімдер, мойынорағыштар мен ұлттық ою-өрнектері бар бетперделер өте қатты ұнады. Бұл – еуропалықтар үшін таңсық нәрсе. Қазақстандық топтама ерекше екен, оны көптеген сән көрсетілімінде таныстыруға болады", - деп әсерімен бөлісті Берлин тұрғыны Гюль Шиндлер.

Сонымен қатар павильонда қазақстандық шеберлердің ағаштан, былғарыдан жасалған зергерлік бұйымдары, тоқыма өнімдері қойылған. Қазақстанның ұлттық павильоны жәрмеңке қонақтары арасында ерекше қызығушылық тудырғаны айқын. Жәрмеңке барысында отандық дизайнерлердің өнімдері көрсетіліп, келген қонақтарға ұлттық тәтті тағамдар ұсынылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл