Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде шағын несие, қарыз беретін ұйымдар заңмен реттеледі. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова айтты.
«Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап несие беруді реттеу үшін заңды тұлғалар – онлайн несие беру ұйымдары, ломбардтар және кредиттік серіктестіктер енгізілгенін атап өтеміз. Жұмыс істеп тұрған субъектілерді есептік тіркеудің шекті мерзімі 2020 жылғы 1 қыркүйекте аяқталды. 1 079 ұйым (барлық банктік емес ұйымдардың 33 пайызы), оның ішінде 650 ломбард, 202 кредиттік серіктестік және 227 микроқаржы ұйымы агенттікте есептік тіркеуден өтті», – деді Әбілқасымова.
Мәлімкетке сәйкес, аталмыш ұйымдар тіркеуден кейін заң талаптарын қатаң сақтау керек.
«Агенттік тіркеуінен өтпеген 2 187 мекеменің 1 196-сы жұмыс істемейді. 744 ұйым қызметін тоқтатады. Зерттеу барысында 247 ұйымда қаржының ең төменгі мөлшері жоқ екені анықталды. Азаматтарға несие беруді тіркеусіз жалғастырған ұйымдар жабылады», – деді ол.
Тағы көру