Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Хат қалдырған: банк кассирі 29 млн теңгені ұрлап кетті
Жаңалықтар

Хат қалдырған: банк кассирі 29 млн теңгені ұрлап кетті

07.04.2021
1 мин
4
1924

Жезқазғанда банк кассирі 29 миллион теңгені жымқырып кетті. Полиция күдіктіні бір жарым айдан кейін бір-ақ ұстаған.

10 ақпанда Жезқазған қаласының полиция басқармасына банктердің бірінен хабарлама түсті. 25 жастағы кассир 29 миллион теңгені иемденіп кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұрланған ақша банкке тиесілі болған.

Жедел іздестіру шаралары барысында күдіктінің жұмыс орнында хат жазып қалдырып кеткені анықталды.

Полиция күдіктіні бір жарым айдан кейін ұстады. Ер адам кінәсін мойындады. Айтуынша, ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-тармағы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу"  бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл бапта мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiн айыра отырып немесе онсыз, 3 мың АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту не 4 жылға дейiн бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
С
Сабина 10.04.2021
Койш 3 жыл отырамда шығам еще апелляция берсем болды деп урлай беретин СИЯКТЫ гой
Жауап беру
Б
Бибигул 10.04.2021
Осы мотивация бойынша акшаны урлайды сосын ол адам ары кетсе 3жыл түрмеде отырып шығады кейын оны адам олтырмеген бурын сотталмаған деп шығарып алады мемлекет акшасын мәдениетте пайдаланып кетеді ол бір жағынан сыбайлас жемқорлықтың жолы емес па барлығы б
Жауап беру
10.04.2021
Барлығы быр адамның артында жасырынган үлкен топ бар деп ойлаймын
Жауап беру
А
Алмира 07.04.2021
Сол акша жиы жиы урлана берет екендаааа неге бизге бермит кредит толерекгой
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл