Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Kinder тәттілерінің құрамында құрт бары рас па?
Жаңалықтар

Kinder тәттілерінің құрамында құрт бары рас па?

10.02.2023
1 мин
0
2320

Instagram әлеуметтік желісінде Kinder choco bons кәмпитінің құрамында құрттар бары айтылған видео тарады, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Stopfake.kz-ке сілтеме беріп. 

Бұл видео Италияда түсірілген, кәмпиттердің қаптамасындағы ақпарат итальян тілінде жазылған. Видеоның авторы айтқан қауіпті ингредиент gommalacca немесе орыс тілінде "шеллак" деп аталады.

"Шеллак" деп тырнақ бояуға арналған кез келген гель-лакты атайды. Шынында, бұл - Kerriidae тұқымдасына жататын жәндік-құрттардың қалдықтарының да атауы. Бұл - қатып қалған ағаш шайырына ұқсас алтын-қызыл түсті тығыз зат.

Kinder choco bons кәмпиттерінде шеллак кәмпиттің түрін сақтау және оны қоршаған ортаның әсерінен қорғау үшін қолданылады. Бұл ингредиент адам үшін қауіпті емес.

Өндіруші кәмпиттерге шеллак деп құрт қосады деген тұжырым дұрыс емес. Өйткені, мысалы, тамақ өнеркәсібінде балды пайдалану араларды жеумен бірдей емес, бірақ аралар - бал шығаратын жәндіктер.

Осылайша, әлеуметтік желілерде тараған балалар кәмпиттерінде құрттар бар екені туралы ақпарат жалған.

Фото: phonoteka.org

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл