Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде кинотеатрлар ашылуы мүмкін. Бұл туралы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев айтты.
Оның айтуынша, қазіргі кезде кинотеатрларды ашудың бірнеше жолы қарастырылып жатыр.
"Кинотеатрларды қайта іске қосу мәселесі талқыланып жатыр. Бұл бизнес саласы санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қатаң сақтау міндетті. Арнайы талаптарды ескеріп ұсыныс өткіздік, десе де комиссия шешім қабылдайды", - деді Байтанаев.
Айта кетейік, еліміздің кинотеатрлары 10-15 миллиард теңгеге дейін табысын жоғалтқан. Кинотеатр басшылары бизнестің құрдымға кеткенін айтып отыр.