Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Есірткіні байланыссыз тәсілмен сатқан Көкшетау қаласының тұрғыны ұсталды.
ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейрханның сөзінше, күдіктінің пәтерін тінту кезінде электронды таразы, арнайы жабдық пен салмағы 1,5 келі мефедрон және "аlfa-PVP" синтетикалық есірткісі тәркіленді. Телефонды тексеру кезінде есірткі жасырылған жердің координаттары анықталды. Нәтижесінде есірткінің 4500 дозасы айналымға жіберілмеді.
Күдікті отандық сериалдарда түскен. Ол өз кінәсін толық мойындады. Уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.