Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Көлік министрлігі: Жөндеу жүргізіліп жатқан ақылы жол бөліктері үшін ақы алынбайды
Жаңалықтар

Көлік министрлігі: Жөндеу жүргізіліп жатқан ақылы жол бөліктері үшін ақы алынбайды

28.05.2025
1 мин
0
221
Сурет: turantimes.kz

Көлік министрлігі ақылы автожолдардың жөндеу жұмыстары жүріп жатқан бөліктерінен өткен көлік жүргізушілері жол ақысын төлеуден босатылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Министрліктің түсіндіруінше, егер республикалық маңызға ие ақылы автожолдарда көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен үздіксіздігіне кері әсер ететін ақаулар анықталса, жол пайдаланушыларынан сол учаскелер үшін төлем алынбайды.

Мұндай өзгеріс төлем алу тәртібін реттейтін ережелерге енгізілетін жаңа түзетулер жобасында көзделген.

Яғни, ақылы автожолдың белгілі бір бөлігі жөндеуді қажет ететін болса, сол аралықтағы жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін жүргізушілерден ақы алынбайды.

Мысалы, ақылы жолдың жалпы ұзындығы 100 шақырым болса, оның 5 шақырымы жөндеуде тұрса, жүргізушілер тек жөндеусіз 95 шақырым үшін ғана ақы төлейді.

Аталған өзгерістерді маусым айынан бастап күшіне енгізу жоспарланып отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл