462.22
536.5
5.43
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Көлік жолда бұзылса, не істеу керек?
Жаңалықтар

Көлік жолда бұзылса, не істеу керек?

19.08.2026
мин
0
71
Сурет: ҚазАвтоЖол

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қарағанды өңірлік көлік прокуратурасымен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жүргізушілерге техникалық көмек көрсететін жаңа сервисті іске қосты. Пилоттық режимде арнайы қызғылт сары пикаптар Астана – Аршалы және Астана – Теміртау бағыттарында жұмысын бастады. Көмек шақыру үшін 1403 бірыңғай байланыс орталығына хабарласу жеткілікті. Қызмет тегін көрсетіледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Көлік жолда өшіп қалды, дөңгелек жарылды немесе желі шықты, сүйреп әкету қажет болды не басқа да күтпеген жағдай туындады делік. Енді жүргізуші «ҚазАвтоЖолдың» байланыс орталығына қоңырау шалып, өзінің орналасқан жері мен туындаған мәселені операторға хабарлай алады.

Өтініш қабылданғаннан кейін оқиға орнына техникалық қызмет экипажы жіберіледі.

Арнайы пикаптар жол бойында алғашқы техникалық көмек көрсетуге қажетті құрал-саймандармен және жабдықтармен қамтылған. Көліктер ашық қызғылт сары түске боялған және арнайы жарық сигналдарымен жабдықталған. Сондықтан олар жол қозғалысының басқа қатысушыларына алыстан анық көрінеді.

Экипаждар дөңгелек зақымданған немесе желі шыққан жағдайда, көлікте техникалық ақау пайда болғанда, сүйреп әкету қажет болғанда және жүргізуші өздігінен қозғалысын жалғастыра алмайтын өзге де жағдайларда көмек көрсете алады.

Жаңа сервистің негізгі міндеті – жүргізушіге көмек көрсетумен ғана шектелмей, жолдағы ықтимал қауіпті жағдайды барынша жедел жою.

Көліктің трассада амалсыз тоқтап қалуы, әсіресе жоғары жылдамдықты учаскелерде, түнгі уақытта немесе қолайсыз ауа райында барлық жол қозғалысына қатысушылар үшін қосымша қауіп тудырады. Сондықтан тоқтаған көліктің орнын дер кезінде белгілеу, жүргізушіге қажетті көмек көрсету және қажет болған жағдайда көлікті қауіпсіз жерге шығару маңызды.

Пилоттық жоба жаңа қызметке деген сұранысты, экипаждардың әрекет ету уақытын және жүргізушілер жиі кездесетін мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Жинақталған тәжірибе республикалық автожолдардағы техникалық көмек жүйесін одан әрі дамыту кезінде ескеріледі.

Көмекті қалай шақыруға болады?

Республикалық трассада көлік бұзылып немесе басқа да күтпеген жағдай туындаса, 1403 қысқа нөміріне хабарласып, операторға тұрған жеріңізді, қозғалыс бағытын және мәселенің сипатын айту қажет.

Техникалық қызмет келгенге дейін мүмкіндігінше көлікті жолдың жүру бөлігінен қауіпсіз жерге шығарып, авариялық жарық сигналын қосып, қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл