Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметте өткен кеңесте халықты көмірмен қамтамасыз ету жайында бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты.
Осы жылдың қаңтар мен тамыз айында елімізде 73,7 млн тонна көмір өндірілген, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6,2%-ға көп. Көмір өндіруші кәсіпорындардың дерегіне сүйенсек оның негізгі разрездердегі құны өткен жылғы деңгейде сақталған. Ал сату орындарында көмір бағасының өсуіне жол берілмейді. Себебі үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету және автомобиль көлігімен елден тыс жерлерге әкетуді шектеу (6 айға) жөнінде шаралар қабылданды.
Оған қоса қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшін көмірді танымал маркетплейстер мен банк қосымшалары арқылы өткізу жолдары да қаралып жатыр. Ал аталмыш бағытта еліміздегі ірі банктердің бірі Қостанайда пилоттық жобаны іске қосты. Үкімет басшысы бұл тәсіл арқылы көмір сататын нысандарда кезектің болмайтынын алға тартты.
"Бұл тұтынушыларға қолайлы, өте жақсы цифрлық шешім. Үйден шықпай-ақ көмірге тапсырыс беруге болады. Жергілікті жерлерде тиісті түсіндіру жұмысын жүргізу қажет", — деді Әлихан Смайылов.
Еске салайық, премьер-министр көмір жеткізу мен бөлуді ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.