Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ассамблея мүшелері меценаттармен бірлесе отырып, алтын және күміс алқа иелеріне тұрмысқа қажет бұйымдар салынған себет үлестірді. Карантиндік шектеулерге байланысты мәдени іс-шара өткізуге тыйым салынған. Сондықтан өзге ұлыс өкілдері шағын топ болып, жеңсік тағамдардан дәм татты.
Гүлсәнім Алламбаева 11 бала тәрбиелеп отыр. Өзі де, отағасы да ІІ-топ мүгедегі. Көпбалалы жанұяны Ассамблея өкілдері былтырдан бері өз қамқорлығына алып, қажетінше киім-кешек, азық-түлікпен қамтып келеді. Жуырда кезегі бойынша пәтер алып, қоныстойын тойлаған отбасыға тұрмыстық мүліктерді апарып берген.
Гүлсәнім Алламбаева, көпбалалы ана:
- Жаңадан үй алғанбыз. Жиһаз алу жағынан да көмектесті. Көптеген көмекті көрсетіп жатыр. Тамақтай, киімдей. Барлық жағынан. Бір жыл болды, көзден тыс қалған жоқпын. Ассамблея қолдап келе жатыр.
Көпбалалы аналар бүгін сауда орталығында өткен ұлттық тағамдар көрмесіне қатысты. Шұбат, бауырсақ, өзбек палауы, ұйғыр лағманы мен осетин бәлішінен дәм татты. Шара соңында 9 анаға тұрмысқа қажетті заттар табысталды.
Оксана Белоножкина, өңірлік ассамблея мүшесі:
- Менің ойымша, Ұлыстың ұлы күнін игі істер жасап қарсы алуымыз керек. Әлемдік пандемия түрлі ұлт өкілдерін бауырластыра түсті. Мұндай сынақ кезеңді бірлесе отырып ғана жеңіп шығамыз. Барша отандастарымды көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қайырымдылық акцияларға қатысуға шақырамын.
Ынтымағы жарасқан өзге ұлт өкілдері биыл да дәстүрінен жаңылмай, меценаттармен бірлесе жағдайы жоқ жанұяларға бірінші кезекте тұтынатын тауарларды жеткізіп жатыр. Қарттар үйі мен ата-ана жылуынан айырылған балалар ауылы да қайырымды жандардың назарында.
Дереккөз: 24.kz
Тағы көру