Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бұл бағдарламаға «Көп балалы отбасылар» санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған көпбалалы отбасылар (тек атаулы санат) қатыса алады.
Пәтерлердің жалпы саны - 285, екі бөлмелі пәтерлер (53,4-57,7 ш.м.)
Тұрғын үй түрі: Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй;
Орналасқан жері: Қордай көшесі, 79 ,79а және Абылай хана, 56, 56а көшесі;
Қабылдау күні: 2021 жылғы 27 маусым 00:00-ден 2021 жылғы 27 шілде сағат 23:59-ге дейін. Құжаттарды қабылдау тек электронды түрде көрсетілген кезеңде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.
Өтініш беру үшін керек құжаттар тізімі:
1) ЭЦҚ кілті;
2) Отбасының барлық мүшелеріне ҚР бойынша жылжымайтын мүліктің болмауы немесе болуы туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы;
3) Балалардың туу туралы куәліктерінің/отбасы мүшелерінің жеке куәлігі (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
4) Неке қию /некені бұзу туралы куәліктің /№4 нысан /қайтыс болу туралы куәлік (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
5) Жылжымайтын мүліктің құқық белгілейтін құжаттарының (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
6) Мүгедектік туралы анықтаманың (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
7) Созылмалы аурудың толық атауы, жеке бөлмеге мұқтаждығы және белгілі бір қабаты көрсетілген созылмалы аурудың медициналық қорытындысының (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы.
Өтініштерді қарастыру нәтижелері туралы кейінірек zhilfond.kz және zhil-astana.kz сайттарында және тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланады.
Тағы көру