Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Көпбалалы отбасыларға сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтерге өтінім беру басталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры».
Жобаға үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар қатыса алады. Өтініштерді қабылдау уақыты 15 желтоқсаннан 23 желтоқсанға дейін жалғасады.
Жалға берілетін екі бөлмелі пәтер саны - 161. Құжаттар электронды нұсқада zhilfond.kz сайты арқылы қабылданады.
Бағдарламаға өтініш беру үшін қажет құжаттар тізімі:
1) ЭЦҚ кілті;
2) отбасы мүшелері, балаларының туу туралы куәлігі/жеке куәлігі;
3) мүгедектік туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (болған жағдайда).
4) барлық отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасы бойынша мүліктің жоқтығы/бары жайлы анықтама;
5) некені қию/бұзу/ ф-4 анықтамасы.
Өтініштердің нәтижесі zhilfond.kz сайтында, сондай-ақ орталықтың әлеуметтік желісінде жарияланады.
Тағы көру