Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
7 қарашадағы сауда-саттық барысында Brent маркалы мұнайдың баррелінің құны 99 доллардан жоғары көтерілді. Бағаның мұндай өсімі осы жылдың 30 тамызынан бері алғаш рет тіркеліп отыр. Бұл жөнінде Ulysmedia.kz жазды.
Мұнай бағасы бүкіл әлемде өсуде. Сауда-саттық қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің құны Лондон ICE биржасында барреліне 99 доллардан жоғары көтерілді.
Мұнай 0,53%-ға қымбаттады және 7 қарашада сағат 21:33-те барреліне 99,09 долларға жетті. Небәрі 20 минуттан кейін өсім 0,19%-ға дейін төмендеді, ал бағасы барреліне 98,76 долларды құрады.
Келесі бірнеше сағат ішінде бағаның айтарлықтай төмендеуі байқалды. 8 қарашада сағат 11:10-дағы жағдай бойынша қаңтар фьючерстерінің құны барреліне 97,66 долларға дейін төмендеді. Бағаның төмендеуі шамамен 0,28% құрайды.