| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысында цифрландыруды жеделдету, ірі платформалар құру және мемлекеттік қызметтерді түбегейлі жаңарту қажет екенін айтты, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласының дамуында капитал мен технологияның негізінен ірі ойыншылардың қолына шоғырланатынына назар аударды. Оның айтуынша, бұл үдеріс экономиканың баяулауына әкелмеуі үшін Қазақстанда қуатты цифрлық платформалар қалыптастыру қажет.
Президент мемлекеттік сервистерді жаңа деңгейге көшіруді ұсынды. Атап айтқанда, оларды пайдаланушыға байқалмайтын, бірақ тиімді жұмыс істейтін бірыңғай операциялық жүйе қағидатына көшіру керек. Бұл тәсіл артық бюрократиялық кедергілерді азайтып, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
- Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін жүйені қолданысқа енгізгені жөн. Бұған салғырт қарауға болмайды, жұмысты кешіктірмеу керек.
Жиында көші-қон саласындағы цифрландыру мәселелері де қозғалды. Қазіргі таңда бұл бағыт толықтай цифрлық форматқа көшіріліп жатыр. Соның ішінде жақында іске қосылған «Алтын виза» бағдарламасы шетел азаматтарына ұзақ мерзімге Қазақстанда тұруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар әкімшілік рәсімдерден босатылып, белгілі бір салықтық жеңілдіктерге ие болады.