Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Көріпкел» зейнеткерлерді алдады
Жаңалықтар

«Көріпкел» зейнеткерлерді алдады

13.03.2021
1 мин
0
1733

Алматыда заңсыз байымақ болған екі әйел ұсталды. Бір жағдайда шығын 3 миллион теңгеден асса, екінші жағдайда 2,2 миллион теңгені құрады.

Кейін белгілі болғандай, әйел жәбірленушімен танысқанда өзін ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан көріпкелдік қасиетке ие адам ретінде таныстырған. Сондай-ақ дуаны алып, байлық шақыра аламын деп сендірген. Алаяқ жәбірленушіні осылайша алдауға бірер минут қана жұмсаған.

Көріпкел рәсімді орындау үшін қолда бар барлық қолма-қол ақшаны әкелуді сұраған. Бірнеше секундта ақша купюралары қарапайым қағаздарға ауыстырылған.  

Алдаудың келесі әдісі тіпті қорқынышты. Мамыр мерекелерінің алдында алаяқ әйелдер өздерін әкімдік қызметкерлері ретінде таныстырып, ардагерлер тізіміндегі мәліметтерді нақтылау мақсатында жәбірленуші пәтерлеріне кірген. Біреуі жоғарыда аталған «тексерумен» айналысып жатқанда, екіншісі ақша іздеген. Алаяқтар пәтерлердің бірінен 2 миллион теңгеден астам ақша «тапқан».

Осы қылмыстарды жасағаны үшін Алматы облысының 35 және 39 жастағы тұрғындары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың бірі бұрын да осындай қылмыстары үшін сотталғаны белгілі болды.   

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл