Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Пандемия кесірінен халықтың көңілін қорқыныш билеп, төртінші ай сақтықпен өмір сүріп жатқаны рас. Ел көкейіндегі жалғыз сауал да індеттің қашан аяқталатыны. Десе де, коронавирустың оңайлықпен кететін түрі жоқ, күн өткен сайын ушығып барады.
Болуы мүмкін тағы бір толқын
Әлем дәрігерлері күздің соңы мен қыстың басындағы коронавирустан басқа маусымдық аурулар өршіген уақытта COVID-19-дың тағы бір толқыны басталуы мүмкін деп болжап отыр. Себебі жыл сайын қараша-желтоқсан айларында респираторлық аурулар белең алады. Демек, оларды COVID-19 вирусынан ажыратудың өзі қиынға соғады. Профессор, дүниежүзілік WMA дәрігерлер кәсіподағының экс-басшысы Леонид Эйдельманның айтуынша, бұл мәселеге жан-жақты дайындалу қажет. Өйткені белгілері коронавируспен ұқсас келетін ЖРВИ қосылған кезде денсаулық сақтау саласының тиімді жұмыс істеуі өте маңызды. Ғалымдар күзгі толқын қай жағынан да қазіргі жағдайдан ауыр боларын болжап отыр.
Леонид Эйдельман қазіргі уақытта көктем айларында айтылған вирустың екінші толқыны тарап, науқас саны күн санап артып жатқанын айтады. Олардың қатарында Германия, Италиядағыдай өсімі аз елдермен қатар, Үндістандағыдай өсімі жоғарылары да бар. Сондай-ақ Қытайда да қайта тұтанған вирус ошақтары кездеседі. Бүгінде күллі әлемде вирус жұқтырғандар саны 11 миллионнан асып түсті. Профессор пікірінше, бүкіл елді қамтитын шектеулер экономикалық дағдарыстың шиеленісуіне әкеп соғады. Сондықтан коронавирус көп таралған аймақты ғана карантинге жабу дұрыс деп есептейді.
Иіс пен дәм сезбей қалсаңыз
Соңғы кезде дәрігерлер дәм мен иіс сезбеуді коронавирустың алғашқы белгілеріне жатқызып жатыр. Лондондағы Король колледжінің ғалымдарының зерттеулеріне қарағанда, дәм мен иіс сезбеу белгілері вирусқа тест тапсырғандардың 59 пайызынан байқалып отыр. Сонымен қатар, ондай адамдардың аталған індетке шалдығу ықтималдығы да басқа адамдармен салыстырғанда 3 есе жоғары көрінеді.
Дегенмен доцент, медицина ғылымдарының кандидаты Нұрила Малтабарова үрейге бой алдырмауға шақырады. Оның айтуынша, иіс пен дәм сезудің жоғалуы ашулану сияқты түрлі себептерге байланысты болуы да мүмкін. Сондықтан уайымға салынбай, әліптің артын баққан дұрыс. Сондай-ақ иіс сезуді қайтару үшін төмендегі жаттығуды жасап көруге кеңес береміз.
Жақсы көретін иісіңізді, мысалы, сүйікті тамағыңыздың немесе әтіріңіздің иісін иіскеп тұрып, одан қандай иіс аңқитынын есіңізге түсіріңіз. Иіс анықтауға жауапты жасушалардың тірілуі үшін миыңызға кішкентай белгінің баруы жеткілікті болады.
Тағы көру