Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың 94%-дан астамы амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.
«КВИ-мен сырқаттанудың қазіргі сипаты былай: науқастарда ауру жеңіл түрде өтуде. Алайда дер кезінде емделмесе, ауру асқынады. Бұл науқастардың 94%-дан астамы амбулаториялық жағдайда емделетіндігімен де расталып отыр.
Қазіргі таңда республикада 5 062 төсек-орны бар 191 инфекциялық аурухана КВИ бойынша стационарлық көмек көрсетеді, төсек-орынмен қамту 28%-ды құрайды. Реанимациялық төсек-орын 7%-ды құрайды», - деді ведомство басшысы.
Сондай-ақ, ол инфекциялық төсек-орын қолдану көрсеткіші әсіресе Нұр-Сұлтан қаласы (55%) мен Солтүстік Қазақстан облысында (59%) байқалып отырғанын атады.
«Реанимациялық орынмен қамтудың ең жоғары көрсеткіші Нұр-Сұлтан қаласында – 28% және Түркістан облысында – 20%.
Бүгінгі жағдай бойынша еліміздің қатаң бөлімшелерінде КВИ диагнозымен 43 пациент ем алып жатыр.
Сараптама, тексерістер кезінде қарағанда, пациенттердің 20,3%-ынан артығы артериялық гиппертензия ауруымен, 7%-да өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, 5%-да жүректің ишемиялық ауруы, 8%-дан астамы қант диабеті сияқты созылмалы аурулармен ауыратын пациенттер болды», - деді министр.