Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Күдікті қызметті» қаржылық бақылау органдары қадағалайтын болады
Жаңалықтар

«Күдікті қызметті» қаржылық бақылау органдары қадағалайтын болады

18.06.2025
1 мин
0
362
Сурет: kazlenta.kz

Мәжіліс қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заңды екінші оқылымда қабылдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Түзетулер салалық заңнаманы Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржы шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) ұсынымдарына сәйкес келтіру үшін әзірленген.

Заң арқылы қаржылық мониторингтің жаңа субъектілері енгізіледі. Олардың қатарында ұялы байланыс операторлары мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бар. Сондай-ақ депутаттар бұл тізімде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын қалдыруды да ұсынды.

Заң арқылы "күдікті қызмет" түсінігі енгізіледі. Ол трансферттердің жиілігімен, көлемімен және бағытымен анықталады. Мысалы, күн сайын бір есепшотқа бірдей сома аударылады. Мұндай мәмілелер тексеріледі және олар бойынша одан әрі жұмысты Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізеді. Бұл ретте қаржылық мониторинг субъектілері уәкілетті органға күдікті қызмет туралы хабарлар жіберуге міндетті.

Сонымен қатар түзетулер аясында "мінсіз іскерлік бедел" түсінігі күшейтіледі. Яғни, бұрын әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға ықпал еткен жеке тұлғалармен байланысы бар кандидаттар енді қаржы ұйымының басшысы лауазымына үміткер бола алмайды.

Құжат аясында алғаш рет қаржылық мониторингке жататын сомасы 5 миллион теңгеге тең немесе одан асатын цифрлық активтермен жасалатын операциялар бойынша шек белгіленеді. 

Бұл ретте мәдени құндылықтарды қолма-қол нысанда сатып алу (сату) операциялары бойынша қаржылық мониторингтің шекті мөлшері 45 миллион теңгеден 1 миллион теңгеге дейін төмендетілді. Сарапшылар атап өткендей, кейбір заттардың құны төмен, бірақ мәдени немесе тарихи құндылығы жоғары болуы мүмкін. Бұл реттеу мұндай заттарды елден экспорттау тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл