Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Легионерлерге бұлан былай мемлекеттен қаржы бөлінбейді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мәжіліс дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі заңға өзгеріс енгізіп, Қазақстан азаматтығы жоқ спортшыларды мемлекеттік бюджет пен квазимемлекеттік сектор қаражатынан қаржыландыруға тыйым салды. Осылайша, бұдан былай мемлекет легионерлерді қаржыландырмайды. Бұл норма Президенттің мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында қабылданды.
Сонымен қатар, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелер ақылы қызмет көрсетіп, одан түскен кірісті бюджет заңнамасына сәйкес пайдалана алады.
Спорт мекемелері жарыстар, семинарлар, кеңестер мен конференциялар өткізу үшін халыққа спорттық жабдықтарды жалға беру, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт нысандарын ұсыну, сондай-ақ спорттық медицина қызметтері арқылы табыс табуға мүмкіндік алады.