Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда алты жастағы Лиза Пылаеваның қазасына қатысты сот ісі аяқталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Істің материалдарын қарап, барлық куәгер мен сарапшылардың айғақтарын тыңдағаннан кейін, сот айыпталушыларды ақтау шешімін шығарды.
Еске сала кетейік, Лизаға қатысты тергеу шамамен бес жылға созылды. Сот ісі жарты жыл бойы қаралды. Отырыстар барысында оннан астам куәгер, криминалист-сарапшылар және шақырылған мамандар айғақ берді. Олардың қорытындылары әртүрлі болды және біржақты болған жоқ. Мысалы, кейбір сарапшылар тергеу нұсқасы бойынша, баланың қазасына себеп болған жол-көлік оқиғасын жоққа шығармады, ал басқа сарапшылар көлік апатының немесе соққының болуын жоққа шығарды. Статуяның құлауы салдарынан болған бақытсыз оқиға нұсқасы да біржақты расталмады.