Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мәдениет және спорт министрлігі ТikTok өкілдерімен кездесті
Жаңалықтар

Мәдениет және спорт министрлігі ТikTok өкілдерімен кездесті

16.06.2023
4 мин
0
438

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов TikTok платформасының өкілдерімен кездесті. Құрамында компанияның өңірлік басшылары мен менеджерлері бар шетелдік делегацияны TikTok-тың билік органдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі вице-президенті Такуя Ямагучи бастап келді, деп хабарлайды Dauletten.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тараптар қазақ тіліндегі контентті дамыту және қазақстандық спортты, мәдениет пен туризмді ілгерілету мақсатында екіжақты ынтымақтастықты талқылады.

Асхат Оралов платформаның біздің елімізде тез таныла бастағанын, алаңның қазақ тіліндегі контентті танымал етудегі рөлі жайлы айтты. Мысал ретінде министрліктің TikTok-пен бірлесіп жүзеге асырған жобаларды келтірді.

Қонақтар өз кезегінде Қазақстанның мол әлеуетін атап өтіп, алдағы жоспарлары туралы айтып берді.

«Біз басқа елдердегі министрліктермен өзара іс-қимыл жасаймыз және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ашықтығына қуаныштымыз,алдағы уақытта министрліктің жұмысын көрсетуге, аудиторияны жобаларға тартуға дайынбыз. Бізге қазақстандық нарық өте тартымды және қазақ тіліндегі контентті қолдаймыз. TikTok - қазақ мәдениетін бүкіл әлемге насихаттау құралы бола алады. Контент қаралымы көбінесе ел халқының санынан асып түседі, ал қазақстандық авторлардың миллиардтаған аудиторияға шығу мүмкіндігі бар. Сондықтан біз ынтымақтастықты нығайтуға ниеттіміз. Атап айтқанда, мысалы, жазда #кітапток челленджінің екінші толқынын іске қосуға болады. Сондай – ақ біз контент өндіруге арналған тренингтерді өткізуге дайынбыз», - деді TikTok-тың билік органдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі вице-президенті Такуя Ямагучи.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР МСМ мен TikTok баспасөз қызметі бірнеше бірлескен жоба жүзеге асырды. Атап айтқанда, #Наурыз2023 онлайн-фестивалі аясында видеороликтер 200 млн-ға жуық қаралым жинады, ал #BookTok жалпы әлемдік тренді аясында #кітапток акциясы – 40 млн мәрте қаралды.

Өткен жылы «Kazakh Tourism ҰК» АҚ және TikTok кәсіби гидтерден тікелей эфирде виртуалды экскурсиялар сериясынан басталған #TravelKazakhstan жобасын іске қосты. Қазір осы хэштег бойынша роликтер 23,1 миллион қаралым жинап отыр.

фото: МСМ

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл