Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қаржы министрі Мәди Тақиев Нұртай Әбікаевтың орнына Қазақстан Волейбол федерациясының президенті болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz
Алматыда федерацияның сайланбалы конференциясы өтті. Мәди Тақиев 2024-2028 жылдар аралығында ұйымның президенті болып сайланды. Бұл қызметте ол Нұртай Әбіқаевтың орнына келді.
"Өз сөзінде ҚФБ жаңа басшысы делегаттарға сенім білдіргені үшін шын жүректен алғысын білдіріп, Нұртай Әбікаевқа федерацияның құрметті президенті болуды және ҚФБ қамқоршылық кеңесін басқаруды ұсынды", - делінген хабарламада.
Мәди Тақиев Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі спортты қаржыландыру саясатын қайта қарауды тапсырғанын еске салды. Атап айтқанда, клубтар мен федерациялар Қазақстанның ең шалғай бұрыштарында да бұқаралық спортты дамытуға баса назар аудара отырып, демеушілік пулды белсенді қалыптастыруды бастауы тиіс, сондай-ақ өз спортшыларының даярлығын күшейтуі тиіс.
Нұртай Әбікаев 1991-1994 жылдары Президент Аппараты мен министрлер кабинетінің басшысы болды. 1995 жылдан 1996 жылға дейін Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі қызметін атқарды, Швеция, Норвегия және Ирландиядағы елші қызметін қоса атқарды. 1996 жылдан 1998 жылға дейін президенттің бірінші көмекшісі болды. Сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды, Қазақстан Президенті әкімшілігін басқарды. Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып жұмыс істеді. 1993 жылдан бастап волейбол федерациясын басқарды.
Мәди Тақиев 2024 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстанның қаржы министрі қызметін атқарады. Бұған дейін Мәжіліс депутаты (Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы), Президент Әкімшілігі бөлімінің меңгерушісі, Ұлттық экономика вице-министрі болған.