Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
28 қазаннан бастап магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтінімдер қабылдау және докторантураға түсу үшін емтиханға құжаттар қабылдау басталады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тіркеу ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.
Кешенді тестілеуге тіркеу 2024 жылдың 10 қарашасына дейін жалғасады.
Шығармашылық дайындықты қажет ететін білім беру бағдарламалары бойынша бейіндік магистратураға түсушілерден құжаттарды қабылдау биылғы жылдың 28 қазанынан 10 қарашасына дейін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жүргізіледі.
Тестілеудің өзі қараша-желтоқсан айларында өтеді. Тіркеу кезінде үміткер тестілеу өтетін қаланы өзі таңдайды. Білім беру бағдарламасының тобы, тілі және тестілеу өтетін қала бойынша өтінішті өзгертуге 10 қарашаға дейін рұқсат беріледі.
Тестілеудің өтетін күні туралы ақпарат 13 қарашада үміткердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу үш блоктан тұрады: шет тілі бойынша тест, оқу дайындық деңгейін анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобы бойынша профильдік тест. Өту балы – 75 балл. Бейіндік магистратураға түскісі келетіндер тек білім беру бағдарламалары тобы бойынша профильдік тест тапсырады. Өту балы – 30 балл, әр пәннен кемінде 7 балл жинау қажет.
Докторантураға түсу үшін емтиханға (ДТЕ) тіркеу 2024 жылдың 10 қарашасына дейін жалғасады. Докторантураға түсушілерге ДТЕ-ге өтініш беруден бұрын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиясына құжаттар тапсыру қажет. Докторантураға түсу үшін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру сертификатын, сондай-ақ шет тілін меңгеру сертификатын ұсыну керек. TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ағылшын тілін білу бойынша қосымша тестілеуден өтеді.
Кіріспе емтихан қараша-желтоқсан айларында өтеді.