| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Меценат Махат Төрәлі Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу барысында қаза болған сарбаздардың отбасыларына жалпы көлемі 100 млн теңге болатын қаржылай көмек көрсететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ол қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, бұл қолдау жеке өз атынан және Beles құрылыс компаниясы тарапынан берілетінін атап өтті.
Махат Төрәлінің айтуынша, ешқандай материалдық көмек жақындарынан айырылған жандардың қайғысын жеңілдете алмайды. Дегенмен қиын кезеңде елмен бірге болып, қолдан келгенше қолдау көрсету – азаматтық жауапкершілік.
- Бұл қайғының орнын ешқандай қаржы толтыра алмайтынын түсінемін. Бірақ осындай ауыр сәтте елмен бірге болу маңызды деп есептеймін. Халық болып бір-бірімізге сүйеу болсақ, қиындықты бірге еңсереміз. Біз де өз тарапымыздан қолдан келген көмекті көрсетуге дайынбыз, – деді ол.