| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Каспий теңізі жағалауында өтіп жатқан оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілер арасында төтенше жағдай тіркелді. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ауа райының күрт өзгеріп, желдің күшеюі салдарынан әскери қызметшілердің бір бөлігі теңізге ағып кеткен, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, қайғылы жағдай 24 қыркүйек күні Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде болған.
Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға кезінде 19 әскери қызметші суға кеткен. Қазіргі таңда олардың тоғызының қаза болғаны ресми түрде расталды. Тағы үш әскери қызметші құтқарылған. Олардың біреуі медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.
Оқиғадан кейін іздестіру-құтқару жұмыстары жедел ұйымдастырылды. Оған Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілерімен қатар, Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару бөлімшелері, авиация және басқа да тиісті қызметтер жұмылдырылды.
Қаза болған әскери қызметшілердің туыстарына қажетті көмек көрсетілетіні хабарланды.
Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайларын анықтау үшін Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылды. Комиссияны Қорғаныс министрі Дәурен