Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы тұрғын үйдің терезесінің алдына белгісіз әйел жаңа туған сәбиді қалдырып кеткен, - деп хабарлайды Dauletten.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Қазір полицейлер сәбиді тастап кеткен ананы іздестіріп жатыр. Таңғы сағат 9:30 шамасында сәби дауысын естіген ауыл тұрғыны шошып, дереу тәртіп сақшыларын және жедел жәрдемді шақырған.
Шала туған, денесі тоңып қалған нәресте облыстық Ана мен бала орталығына жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, нәресте суықта ұзақ уақыт жатқан. Сондықтан алдымен оның дене қызуын қалыпқа келтіруге тырысқан. Ал облыстық полиция департаменті бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастады.
- Сәби төмен температурамен жеткізілді. Алғашқы көмек көрсетіліп, жуынды. Қазіргі температурасы – 36,7. Баланың жағдайы – орташа ауыр, бірқалыпты. Сүт беріп жатырмыз. Салмағы – 2 келі 200 грамм. Шала туған нәресте болғандықтан, далаға тасталған. Оралғанымен, сүлгісі ылғал болған. Сол себепті тез тоңып қалған, – дейді Маңғыстау облыстық ауруханасының бөлім меңгерушісі Гүлзада Сарбалаева.