Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Маңғыстауда 24 шенеунік жазаға тартылды
Жаңалықтар

Маңғыстауда 24 шенеунік жазаға тартылды

18.11.2021
1 мин
1
690

Маңғыстауда бірқатар мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Маңғыстау облысында қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін бірқатар мемлекеттік орган басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Қайталама құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ҚР ҚПК-нің 200-бабының нормаларын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға 33 ұсыныс енгізілген. Нәтижесінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қазіргі саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіре отырып, қылмыс жасалған ұйымдарда 24 лауазымды тұлға түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

"Қарамағындағы қызметкерлері лауазымдық қызмет бабын асыра пайдаланып пара алғаны үшін Ақтау қалалық Полиция басқармасы басшысының орынбасары сөгіс түрінде, Қорғаныс істер жөніндегі департаменттің бастығына қатаң сөгіс, орынбасарына қызметіне толық сәйкес еместігі жөнінде ескерту, Бейнеу аудандық Полиция бөлімі бастығына қатаң сөгіс және оның орынбасарына қызметіне толық сәйкес еместігі жөнінде ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Қуаныш Мырзағали.

Айта кетейік, енді саяси қызметшілер өздерінің тікелей бағыныстылары сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда отставкаға беруге міндетті. Бірінші басшы соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен не оның тікелей бағынысына қатысты ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде отставкаға береді.

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
Ж
Жазаға тартылды деиді, жаза емес қой ол, оларды 19.11.2021
Соттау керек
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл