Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Маңғыстауда науқастан салмағы 5 келіге жететін миома ісігі алынып тасталды
Жаңалықтар

Маңғыстауда науқастан салмағы 5 келіге жететін миома ісігі алынып тасталды

12.03.2024
1 мин
0
402
Фото: freepik.com

Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері 51 жастағы Атырау қаласының тұрғынына лапаротомия отасын жасады. Ота сәтті өтті, жатырдан салмағы 5 кг миома ісігі алынып тасталды, деп хабарлайды Dauletten.kz, mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Науқас соңғы уақытта іш көлемінің ұлғайғанын, етеккірі ауырсынумен, көп мөлшерде қан кетумен өтетіндігін байқаған.

«Ауру белгілері науқасты бірнеше жыл бойы мазалаған. Басында ісік кедергі келтірмегендіктен, қатты мән бермеген екен. Соңғы кезде ішінің көлемі өсіп кеткендіктен біздің орталықты таңдап, арнайы, өз қалауымен ота жасатуға келді. Эндоскопиялық және реконструктивті гинекология бөлімінің жоғары санатты хирург-дәрігері Нұрлан Жакиев бастаған мамандар дәрігерлік мультидисциплинарлық консилиум өткізді. Аурудың клиникалық көрінісін ескере отырып, лапаротомия отасы жасауға шешім қабылдады», - дейді облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметі.

Ота 2 сағатқа созылды. Науқастың жағдайы тұрақталып, бүгін қалыпты жағдайда үйіне шығарылды. Дәрігерлердің айтуынша, миома – жатыр бұлшық етінің қабатында орналасқан қатерсіз ісік. Яғни, әйелдің ішкі ағзасында пайда болатын жұмсақ дінді жасушалар. Әйел адам пайда болған ауруды дер кезінде анықтап, емдеу үшін гинеколог-дәрігерге жиі қаралып тұруы қажет. Себебі көп ауру жағымсыз әсер тудырмай, еш белгісіз басталады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл