Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Маңғыстауда жаппай төбелес салдарынан 17 жастағы жасөспірім көз жұмды
Жаңалықтар

Маңғыстауда жаппай төбелес салдарынан 17 жастағы жасөспірім көз жұмды

26.09.2025
мин
0
162

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында болған жаппай төбелес салдарынан 17 жастағы ер бала көз жұмды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Полицияның мәліметінше, 17 жастағы жігітті төбелескендердің бірі көлікпен басып өткен. Төбелеске 15 адам қатысты.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері олардың төртеуін қамауға алды, қалғандары ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Келесі баптар бойынша қылмыстық іс қозғалды:

• өлімге әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіру;

• бұзақылық.

Ұсталғандардың ата-аналары баламызға қатыгездік танытты деп құқық қорғау органдарына шағым түсірген.

- Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша полиция қызметкерлеріне қатысты құқықтық баға беріледі, - дейді Маңғыстау облыстық прокуратурасы бірінші басқармасының бастығы Данияр Төлегенов.

Қазір кешенді сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр.

- Сот-медициналық сараптама жәбірленушінің нақты неден көз жұмғанын анықтайды. Жасөспірімдердің соққысынан немесе көлік басып кеткеннен қайтыс болуы мүмкін. Сол кезде біз бұл жайттарға қатысты нақты және дұрыс баға бере аламыз, - деді Данияр Төлегенов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл