Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Маңғыстау облысындағы малдардың қуаңшылық салдарынан қырылуына байланысты 200 млн теңге бөлінді.
Ақпаратқа сүйенсек, 15 маусымнан бастап өңірге қажетті жем-шөп жеткізіледі.
"54 млн теңгеге қазір 630 тонна арпа азық-түлік алынбақ. Қазірге кезде сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Енді келесі аптаға дейін сол арпаны темір жол арқылы жеткізу мәселесі шешіледі", - деді ҚР АШМ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов.
Облыста қуаңшылықтан соңғы бірнеше айда 536 жылқы қырылған. Бүгінде жалпы шығын саны есептеліп жатыр. Нәтижесі 2 апта ішінде белгілі болады. Соған сәйкес тиісті ұсыныстар енгізіледі.