Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжіліс депаутаты Еділ Жаңбыршин «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша сөз сөйледі, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау, сондай-ақ бұралқы иттер мен қараусыз қалған жануарлар санын реттеу мақсатында бұл заң жобасына Мәжіліс депутаттары бастамашылық жасап, әзірледі», - деді Еділ Жаңбыршин.
Заң жобасында келесідей негізгі нормалар қарастырылған:
«Сондай-ақ ауруға шалдыққан, агрессия көрсететін, зооқорғаныс ұйымдары мен өзге де тұлғалар тарапынан орнастырылмаған және талап етілмеген жануарлардың санын реттеу үшін, егер олар бұралқы иттер болса 15 күн ішінде, ал егер олар қараусыз қалған жануарлар болса 60 күн ішінде эвтаназия қолдану. Комитет заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Жаңбыршин.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бұл заң жобасын маңызды деп атап, тездетуді сұрады.
«Маңызды заң жобасы, жұмыс тобында қарап, тездету керек, Еділ Терекбайұлы», - деді Қошанов.