Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қатарда өткен әлем чемпионатында төртінші орынға ие болған Марокко құрамасы ФИФА-дан алатын 25 млн еуро сыйақыны қайырымдылық мақсатына жұмсамақ, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Журналист Халид Бейдунның жазуынша, футболшылар сыйақыны түгелдей елдегі кедей балалар мен отбасыларға бермек.
Валид Реграри жаттықтыратын Марокко құрамасының әлем біріншілігінің жартылай финалына дейін жеткен алғашқы Африка және араб елі атанғаны белгілі.
Топтық бәсекеде Хорватия, Бельгия және Канаданы артқа тастаған Марокко 1/8 финалда пенальти сериясында Испанияны жолдан тайдырды. Ширек финалда Португалиядан 1:0 есебімен басым түсті. Тек жартылай финалда Францияға, қола жүлде үшін бәсекеде Хорватияға есе жіберді.
Осындай табысқа қол жеткізген марокколықтарды мыңдаған жанкүйерлер ұлттық батыр ретінде қарсы алды.
Ел астанасы Рабат көшесіндегі шеруден кейін футболшыларды аналарымен бірге Марокко королі Мохаммед VI қабылдап, құрмет көрсетті.