Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мәжіліс Әкімшілік кодекске енгізілетін түзетулерді мақұлдады
Жаңалықтар

Мәжіліс Әкімшілік кодекске енгізілетін түзетулерді мақұлдады

17.04.2024
1 мин
0
236
Фото: egemen.kz

Бүгін Мәжіліс әкімшілік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасын Әділет министрі Азамат Есқараев таныстырды. Оның айтуынша, ұсынылып отырған түзетулер екі негізгі бағытты қамтиды. Бірінші бағыт «қоғамдық жұмыстарға тарту» жазасын регламенттеуді көздесе, екіншісі әкімшілік-деликтік заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған.

«Заң жобасында қоғамдық жұмыстарды 9 бап бойынша қолдану ұсынылады. Заң жобасында қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын былайша іске асыру ұсынылады. Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыс орындалуға тиіс ұйымдардың тізімін әкімдіктер айқындайды. Сонымен қатар әкімдіктер сот қаулысы келіп түскен сәттен бастап құқық бұзушыны шақырып, жеке деректерін толтырады; құқықтары мен міндеттерін, қоғамдық жұмысты орындау тәртібін түсіндіреді. Қоғамдық жұмыстарды орындау үшін адамдарды оларға жіберу туралы ұйымға хабарлама жібереді. Қоғамдық жұмыстарды орындау кестесі мен жиілігін белгілейді. Жіберілген адам қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарған жағдайда ол туралы ішкі істер органдарына хабардар етеді. Өз кезегінде ұйымдар орындалған жұмыстардың актілерін жасап, жұмыс істелген сағаттардың табелін жүргізеді; жұмыстардың орындалғаны туралы жергілікті атқарушы органдарға есеп береді», - деді ол. 

Сондай-ақ, ол айыппұл, рұқсаттан айыру, рұқсатты уақытша тоқтату сияқты шараларды сот құзырынан уәкілетті органдарға беру ұсынылатынын айтты.

«Құқық бұзушылық алғаш рет жасалған кезде мұндай істерді уәкілетті органдардың өздері қарайды.

Бірақ тыйым салу, мүлікті тәркілеу, арнайы құқықтан айыру, шетелдік азаматты республикадан тыс жерлерге шығарып жіберу және мәжбүрлеп бұзу санкциялары көзделген істер соттардың қарауында қалады.

Бүгінгі күні 60-тан астам құрамды сот құзырынан мемлекеттік органдардың ведомствосына беру ұсынылады», - деді ол. 

Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдау туралы шешім қабылдады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл